Толымбек Әлімбекұлының «Талтүс» атты мерейтойлық кеші өтті

/uploads/thumbnail/20170708151807078_small.png

Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрында Толымбек Әлімбекұлының 60 жасқа толуына орай «Тал түс» атты мерейтойлық кеш өтті. Кешке «Қазақ газеттері» серіктестігінің Бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек Кенжалин, «Ана тілі» ұлт газетінің бас редакторы Самат Ибраим, бір топ ақын-жазушылар мен зиялы қауым өкілдері  қатысты.

Аталған шараны Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Оразалин сөз сөйлеп ашты. Тілеуқабыл Мыңжасар мен Айгүл Иманбаева жүргізген басқосуда қаламгердің шығармаларынан үзінділер оқылып, өлеңдеріне жазылған әндер орындалды. Т.Жаманқұлов, Н.Өнербаев, А.Жорабаева, Мирас пен Құралай, Қ.Мақан, Қ.Үмбетов, «Құлан саз» ансамблі әннен шашу шашып, А.Боранбаев, Н.Тұтов, «Тамаша» ойын-сауық отауы, «Терісқақпай», «Екі езу» театрлары, т.б. өнер майталмандары өткір әзілдерімен жиналғандарды күлкіге қарық қылды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары С.Мұқанов Алматы облысы Мәслихатының шешімімен «Алматы облысының Құрметті азаматы» атанған Толымбек Әлімбекұлын құттықтап, облыс халқы атынан иығына шапан жапты.

Оставить комментарий

Связанные Статьи