Ақтөбедегі Тұңғыш Президент саябағында жалаңаш әйел серуен құрды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709044754686_small.jpg

Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында тал түсте тыр жалаңаш шешінген әйел серуен құрып, өткен-кетенге қырындаған, - деп хабарлайды Qamshy.kz ratel.kz – ке сілтеме жасап.

«Саябақ күзетшілері «ұйықтап» жатқанда жалаңаш әйел еркектерге қырындады», - деп жазады портал.

Тұңғыш Президент атындағы саябақты шарлаған жалаңаш әйелді тұрғындар видеоға түсіріп алған. Видеоға тұрғындар түрлі пікір қалдыруда.

«Әдетте саябаққа келушілерге ескерту жасап, естерін алатын күзетшілердің мына «қонақты» қалай көрмей қалғандары түсініксіз» дейді тұрғындар.

ratel.kz Ақтөбеде осындай орынсыз жағдайлардың орын алуы бір бұл емес дейді. Былтыр жазда музыкалық фонтан бейпіл сөздерге толы «ән айтып», тұрғындардың ызасын келтірген. Ол жолы қала басшылығы «Диджей флешкаларды ауыстырып алыпты» деп ақталған көрінеді. Ал, бұл жолы жалаңаш әйелдің қаланың бас саябағында серуен құруына «не ауысып кеткені» себеп болды екен?

Оставить комментарий

Связанные Статьи