Алматыда теракт жасаған Р. Күлікбаев түрмеде өзін өлтіруге үш рет әрекеттенген (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709044819999_small.jpg

Алматыда бір өзі 8 адамды жаралап, алты адамды атып өлтірген Руслан Күлікбаев, осыған дейін жасаған қылмыстары үшін, жазасын өтеу кезінде екі мәрте ине, бір рет темір жұтып, өзін-өзі  өлтіруге әрекет жасаған көрінеді. Алайда, оны түрме қызметкерлері құтқарып қалған. Бұл туралы Күлікбаевтің әйелі Аяулым Үмбетқұлова мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.

Аяулым Үмбетқұлова, Руслан Күлікбаевтің әйелі:

- Есімде бір жылап айтып бергені. Мен түрмеде қатты қиыншылық көрдім деді. Екі ине жұттым деді. Бір инемді алды деді. Операциямен бір инесін алды деді. Біреуі ішінде. Квартирада соңғы рет тұрғанымызда талай скорый шақырғанбыз. Жүрегі қысылып демала алмай қалатын.

Тіпті, Аяулым Үмбетқұлова, өзінің бұл сөзінің дәлелі ретінде - Күлікбаевтің денесінде бір отадан қалған тыртық барын айтады. Яғни, айналасы жарты сағаттың ішінде қолында қаруы бар қаншама полицейді  атып өлтірген күдікті, бұл қандықол қылмысының жоспарын түрмеде отырып құрған ба? Полиция қызметкерлерін өшпенділікпен өлтіретіндей, күдіктінің түрмеде қандай қиындық көруі мүмкін? Егер ол  кек алуды көксесе, оған лаңкестіктің қандай қатысы бар?  Ал, Руслан Күлікбаевтің  алдымен өзін өлтіретінін ескертіп, артынша арнайы барып атып өлтірген жеңіл жүрісті қыз кім?

Оставить комментарий

Связанные Статьи