Ұшақ пен жолаушылар автобусының соқтығысқаны туралы видеоны Фейсбук желісінде Жанат Эрнст деген қолданушы жариялады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Алматы-Қапшағай тас жолында келе жатып СУ-27 мен автобустың соғылғанына куә болдық», - деп жазады қолданушы.
Алматы облыстық ІІД апаттың Алматы-Өскемен тас жолында болғанын растады.
«Апат Қапшағай қаласының солтүстік өткелі учаскесінде болған. Аталған факт Қапшағай қаласы ІІБ ақпараттарды тіркеу журналына тіркелді», - дейді ІІД баспасөз қызметі.
Қорғаныс министрлігі ұшақтың дайындыққа арналған макет екенін, оны тасымалдау кезінде апат болғанын хабарлады.
«Камаз көлігімен СУ-27 жойғыш ұшағының макеті Талдықорған-Жетіген бағытында тасымалданған. Үш Камаз көлігінен тұратын лекті әскери автомобиль полициясы ертіп жүүрген. Алматыдан 60 шақырым жерде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқан. Азаматтық автобуспен соқтығысу оқиғасы орын алды. Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ. Автобустың артқы көрініс айнасы қираған. Біздің тарапымыздан ереже бұзушылық болмады», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Оставить комментарий