ӨЛІКПЕН ЗИНА ЖАСАҒАНДЫ АЛЛА ҚАЛАЙ КЕШІРДІ?

/uploads/thumbnail/20170709044814811_small.jpg

Ислам ғұламалары: «Ғалымның және Тақуа адамның қызметі бесеу: «Егер ол  Алланы есіне алса – мақтанады, өзін есіне алса – төмен болады; егер Алланың аяттарына қараса – ғибрат алады, күнәға немесе шаһуатқа ниет етсе – өзін одан алып қашады; Алланың кешіруші екенін ойласа – қуанады, күнәларын ойласа – Алладан жарылқау сұрап тәубе етеді». Фақиһ Әбу Ләйс Самарқанди - Муғаммардан, Зухрийдан риуаят етеді: «Бір күні хазіреті Омар р.а. Алла елшісінің ﷺ құзырына жылап келді. Пайғамбар ﷺ: «Е, Омар неге жылайсың?» деп сұрады. «Я, Расулуллаһ, көшеде бір жігіт менің жүрегімді күйдірді» деді Омар р.а.. Пайғамбар ﷺ: «Ол жігітті менің алдыма алып кел»,- деп бұйырып, әлгі жігіт келгенде – «Сені не жылатып жатыр, о жігіт» деп сұрады. Жігіт: «Мен Алланың азабынан қорқамын» деді. Пайғамбар ﷺ: «Аллаға серік қостың ба?» деп сұрағанда «Жоқ» деді әлгі жігіт. «Жазықсыз адам өлтірдің бе?» деп сауал қойды Алла елшісі ﷺ. Тағы да «жоқ» деген жауап берілді. Сонда Алла елшісі ﷺ: «Әлбетте, Алла Тағала сенің күнәларыңды кешіреді, егер осы күнәң жеті қабат аспандай, жеті қабат жердей, биік таулардай болса да», - деді. Жігіт: «Ей, Алланың елшісі, менің күнәм осылардан да үлкен» деді. Сонда Пайғамбар ﷺ: «Сенің күнәң «Күрсіден» де ауырырақ па?» деп сұрады. Жігіт: «Одан да ауырырақ» деді. Алла елшісі ﷺ: «Аршыдан да ауырырақ па?» деп сұрады. Жігіт тағы да «одан да ауырырақ» деп жауап қатты. Сонда Алла елшісі ﷺ: «Не күнә істедің? Маған айтшы» деді. Жігіт: «О, Алла елшісі, мен Сізден ұяламын» деді. Пайғамбарымыз екі мәрте сұраған соң, жігіт істеген күнәсін былай деп айтқан екен: «Я, Расулуллаһ», мен жеті жыл бойы қабірлерді ашып, кебіндерді алумен шұғылдандым. Бір күні Мадиналық қыздардың бірі қайтыс болды. Оның қабірін аштым да, оны кебіннен шығарып алдым. Аз ғана уақыт өтпестен шайтан нәпсімді жеңіп, сол қызбен қосылдым. Сол уақытта қыз тұрып. «Саған Алланың азабы болсын, ей жігіт. Қиямет күні Алладан ұялмайсың ба? Сол күні үкім үшін амалың таразыға қойылады, зәбір көргендерге залымдардан ақысы алынады. Бұл өліктер Отанында (қабірстанда) мені жалаңаш тастап кетіп барасың. Алланың құдіреті алдында мені жүніптік күйге түсірдің»,-деді». Бұл жауапты естіген Пайғамбар ﷺ орнынан қарғып тұрып, жігітті желкесінен ұстап тұрып, итеріп жібереді де: «Ей, бұзық, сенің тозаққа кіруіңе мұншалықты күнәң бар екен, менің алдымнан кет» дейді. Жігіт Алла Тағалаға 40 күн бойына тәубе етіп шығады. Қырық күннен соң: «Ей, Мұхаммедтің, Адам ата мен Хауа анамның Раббысы, егер мені кешірсең Мұхаммед пен оның сахабаларына білдір, егер білдірмесең аспаннан от жіберіп, мені өрте және ақырет азабынан құтқар» деп дұға етті. Жәбірейіл ғ.с. Пайғамбарымыздың ﷺ алдына келіп, сәлем беріп: «Раббыңыз Сізге сәлем айтты және Алла Тағала Сізден: «Бүкіл әлемдегі мақұлықты сен жараттың ба?» деп сұрайды», - деді. Пайғамбарымыз ﷺ: «Жоқ, мені және барша мақұлықты Алла жаратты», - деді. Жәбірейіл ғ.с.: «Раббыңыз: «Оларға ризықты сен бердің бе?» деп сұрайды», - деді. Пайғамбар ﷺ: «Оларды және мені Алла ризықтандырды». Жәбірейіл ғ.с.: «Раббыңыз: «Олардың тәубесін сен қабыл етесің бе?» деп сұрайды», - деді. Пайғамбар ﷺ: «Менің де олардың да тәубесін Алла қабыл етеді»,- деді. Сонда Жәбірейіл періште: «Раббыңыз ол пенденің тәубесін қабыл еттім» деді»,-дейді. Осыдан соң Алла елшісі ﷺ әлгі жігітті шақырып алып: «Алла Тағала сенің күнәңді кешірді және тәубеңді қабыл етті», - дейді. Осы хадис жайында Әбу Ләйс Самарқанди айтады: «Бұл хабарға ақылы бар адам өте қатты мән беруі керек. Әлбетте өлікпен ойнастық қылғаннан тірілермен ойнастық қылу ауырырақ күнә. Өйткені, Алла Тағала тәубесі хақиқи екендігін күнәсін кешіргендігін жігітке білдірді. Ал, біздің тәубеміз қабыл ма? Күнәміз кешірілді ме? Біз білмейміз ғой!», - деген.

Ербол Төлтаев

Балқаш қалалық орталық мешіттің бас имамы

ihsan.kz сайтынан алынды.

Оставить комментарий

Связанные Статьи