Германияда теракт жасамақ болған жасөспірім ұсталды

/uploads/thumbnail/20170709045011094_small.jpg

Германия билігі Штутгарт қаласында шабуыл ұйымдастырмақ болған 15 жастағы жасөспірімді тұтқындады, деп хабарлайды Qamshy.kz  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы ВВС хабар таратты.

Полицияның хабарлауынша, ол Мюнхенде 9 адамды өлтірген Давид Санболимен байланысып тұрған. 

Қолға түскен жасөспірімнің пәтерінен оқ-дәрі, бірнеше пышақ, қанжар және жарылғыш зат қалай жасалатыны туралы нұсқаулық пен химикаттар табылған.

Полиция тергеу кезінде оның мектепте күйзеліске ұшырап жүргенін анықтаған, бірақ ол теракт жасағысы келгенін мойындамаған.

Оставить комментарий

Связанные Статьи