Атырау облысында ірі қараның жаппай қырылуының себебі анықталды

/uploads/thumbnail/20170709045012594_small.jpg

Атырау облысында ірі қараның жаппай қырылуының себебі анықталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.

Ауру Атырау өңіріне Ресейден келіпті. Ал негізі шыққан жері –Африка екен. Қазір бұл вирусты Атырау облысында 2000-нан астам ірі қара жұқтырып, 60-қа жуығы өлген. Қайта, бұл індет адамға жұқпайды екен. Сырқат мал санының күн санап көбеюіне байланысты енді Құрманғазы ауданында карантин жарияланбақ. Және төрт түлігі арам қатқан тұрғындарға мемлекет есебінен өтемақы да төленбекші. Бюджеттен 2 миллион теңгеден астам қаражат бөлініп, малдың ем-домына қажетті дәрі-дәрмек сатып алынып жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи