Астанада мектеп өртенді (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709045019313_small.jpeg

Астананың Алматы ауданында түнгі уақытта № 29 мектеп өртенді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ-нің Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, өрт туралы хабар диспетчер пультіне сағат 1.12-де түскен. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру қызметі өрттің жайылуын 2.17-де тоқтатып, 3.14-те толығымен сөндірген. 

"Өрт екінші қабаттағы акт залынан шыққан. Ғимараттың төбесі мен шатыры өртенген. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрттің аумағы 500 шаршы метрді құрайды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ", - деп атап өтті Иманқұлов.

Өртті сөндіруге Астана қаласының өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 59 адамы жұмылдырылған. Қызметкерлер 16 арнайы техниканы іске қосқан. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Оставить комментарий

Связанные Статьи