Алматы облысында ірі жол апатынан 6 адам қаза болды

/uploads/thumbnail/20170709050746932_small.jpg

Алматы облысында ірі жол апатынан 6 адам қаза болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімітеніше, жол апаты Алматы Астана тас жолының 32 - шақырымында Қаскелкең мен Ұзынағаш елді-мекенінің арасында орын алған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Mitsubishi Galant және Toyota Corolla көліктері бетпе-бет соқтығысқан.

-Апат салдарынан Mitsubishi Galant жүргізушісі және оның екі жолаушысы және Toyota жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. 1995 жылы туған Toyota Corolla жолаушыларының бірі Қаскелең ауруханасына жеткізілді. Қазір аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, сараптама тағайындалды, - деп хабарлады облыстық ІІД. 

Связанные Статьи