Шетелдегі коттедждері мен пәтерлерін заңдастырғандардың саны екі есеге көбейді

/uploads/thumbnail/20170709050748478_small.jpg

Шетелдегі коттедждері мен пәтерлерін заңдастырғандардың саны 6 айдың ішінде 2 еседей артқан. Жаппай жариялау акциясы аяқталар сәтте қазақстандықтар белсенділік танытып, заңдастырылған мүлік пен қаржының жалпы сомасы 2 триллион теңгеге жетіп отыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Заңдастыруға бас-аяғы 100 мыңнан астам өтініш түскен. Оның дені осы жыл басынан бері тіркеліпті. Үкімет өкілдері мұндай белсенділікті рақымшылық шарасымен байланыстырып отыр. Оның үстіне, биылғы акцияда үлгермей қалған азаматтардың мүлкі немесе қаржысы анықталса әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкіндігі де әсер етсе керек. Министрлік мамандары бұған дейінгі есептерінде бірнеше елдегі баспаналардың заңдастырылғанын айтқан еді. Бұл тізімде Дубай сынды ірі қалалар да бар. Сарапшылар Біріккен Араб әмірліктеріндегі бұл шахардағы пәтерлер 100 миллион, ал виллалар 200 миллион долларға бағаланады дейді.

-  Егер бұрын 8 елде ғана 33 объект көрсетілсе, бүгінгі таңда 16 елде 100 объект көрсетіліп отыр. Саны ұлғайды, - дейді ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің департамент директоры Ержан Біржанов.

Связанные Статьи