Түрікменстан Қазақстанмен шекарасын уақытша жапты

/uploads/thumbnail/20170709050750025_small.jpg

Түрікменстан шекарада қауіпсіздік шараларын күшейтті. Қазақстандық азаматтар елге кіре алмайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz - ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Қазақстанның Маңғыстау облысы Мемлекеттік кірістер департаменті хабар таратқан.

"Түрікменстан шекарасында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, 4-8 тамыз аралығында республикаға оңайлатылған тәртіппен кіретін шетелдік азаматтар уақытша елге кіре алмайды", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Департаменттегілердің айтуынша, осыған дейін жасалған келісімшарттарға сәйкес, Маңғыстау облысында тұратын қазақстандықтар Түрікменстандағы Балқан уәлаяты аумағына бес тәулік уақытта дейін визасыз кіре алады. 

"Оңайлатылған тәртіп бойынша елге кіретін қазақстандық азаматтар Түрікменстан аумағына кіріп-шығу үшін сол жердегі өткізетін пункттер арқылы кіруі тиіс. Қазіргі уақытта Қазақстан-Түрікменстан шекарасында "Темір-баба" пункті жұмыс істейді. Сонымен қатар, онда "Болашақ" темір жол кедендік пост та жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Связанные Статьи