ГАЛБАДРАХ ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА АЛҒАШҚЫ МЕДАЛЬДЫ САЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170709051355109_small.jpg

Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында 48 келіде өнер көрсеткен қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг қола жүлдегер атанды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ол үшінші орын үшін күресте кубалық Местре Альваресті иппон әдісімен жеңіп, Қазақстан қоржынына алғашқы медальді салды. 

Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг екінші белдесуінде Ами Кондодан айласын асыра алмаған болатын. Осылайша ол  бас жүлде үшін таласқа түсу мүмкіндігінен айырылып қалған еді. Ал бірінші айналымда Отгонцэцэг Гвинея-бисаулық Тасиана Лиманы айқын басымдықпен ұтты.

Связанные Статьи