Мәжілісте Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің жобасын ілеспе түзетулерімен екінші оқылымда мақұлдады.
Депутаттар заң жобасын екінші оқылымға әзірлегенде 300-ден астам түзетулер енгізген болатын. Атап айтқанда, депутаттар жобадан әкімшілік құқық бұзушылық ретінде қылмыстық теріс қылықтардың жекелеген құрамдарын ӘҚБтК жобасына көшіруді, әкімшілік преюдиция институтын алып тастауды, қамаққа алу мерзімін қысқартуды, Қылмыстық кодекс жобасында қамаққа алуды қолдануға болатын қылмыстық теріс қылықтар санын қысқартуды ұсынды.
Сәуле Досжанова
Оставить комментарий