«Электронды қазақ үй» - ұлт мұрасының алтын сандығы

/uploads/thumbnail/20170708151858285_small.jpg

Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханада Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2014 жылы шығарылатын өнімдердің тұсауы кесілді, «Абайтану әліппесі», «Даналық әліппесі», «Электронды қазақ үй» және басқа да интерактивті өнімдер бар.

Тұсаукесер рәсімі Мәдениет министрі А.Мұхамедиұлының құттықтау сөзімен ашылады.

         Шараға Мәдениет министрлігінің жауапты қызметкерлері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, филолог-ғалымдар, елімізге танымал қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және оқырман қауым қатысты.

Шара аясында Тіл комитеті тарапынан шығарылған барлық өнімдердің көрмесі ұйымдастырылды.

    5 «Ұлас-Электрон» ЖШС-ның алғашқы өнімі – «Электронды қазақ үй» жобасы алғаш рет  таныстырылды. Ол – иісі қазақтың игілігіне жарайтын таңдаулы заманауи тәрбие құралы. Киелі Қазақ үйдің кішірейтілген нұсқасына бесік жыры, ертегілер, балалар әндері, халық және халық композиторларының ән-күйлері, терме-толғаулар, отаншылдық рухтағы әндер, Абайдың 45 қара сөзін қамтыған 1200 мазмұн енгізілген. Ол – бабаларымыздың бізге жеткен бай рухани мұраларын бүгінгі және келешек ұрпаққа жалғайтын дәстүрлі үлгідегі заманауи электронды құрал. Әдебиетіміз бен мәдениетіміздің, дәстүрлі дүниетанымымыз бен музыкалық мұрамыздың жауһарларын жалпақ жұртқа насихаттайтын ұлттық өнімнің тәрбиелік, тағылымдық қызметі басым, сапасы жоғары деңгейде, мазмұны бай, әр саланың жілігін шағып, майын ішкен кәсіби, майталман  мамандарының кеңесі негізінде дайындалған. Ол әр қазақтың тілдік, сөздік қорын молайтады, рухын көтеріп,ұлттық музыкаға деген ықыласын, танымын арттырады. Рухани байлығымызға деген құрметімізді жаңа сатыға көтереді.

Ұйымдастырушы: ҚР Мәдениет министрлігі «Электронды қазақ үй» жобасының авторы: Ғалымбек Қызырбекұлы Жауапты редакторы: Жарқын Сәленұлы Орны мен уақыты: 10 сәуір, 11:00де

Оставить комментарий

Связанные Статьи