ОҚО диқандары 600 мың тоннаға жуық көкөніс пен бақша өнімдерін жинаған

/uploads/thumbnail/20170709051710564_small.jpg

 

Оңтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының жиын терім науқаны басталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz - ке сілтеме жасап.

Бүгінде облыста көкөніс, картоп, бақша дақылдарының жиыны басталды. Қазіргі таңда диқандар 350 мың тонна көкөніс, 120 мың тонна картоп, 240 мың тонна бақша өнімдерін жинап үлгерлі. Олар өздерінің өнімдерімен еліміздің барлық өңірлерін қамтып, артық өнімдерді Ресей мемлекеті мен солтүстік облыстарға жөнелтіп жатыр.

Бір айта кетерлігі, Оңтүстік Қазақстан облысының аргарлы аймақтары ел экономикасы мен отандық өнімді арттыруда үлкен үлес қосып отырағны рас. Сондықтанда оңтүстіктік диқандар жылдағы табысты еңбектерінің тәтті жемісін көріп, берекелі істеріне шүкіршілік айтады.

Аграрлы аймақта осы жылы көкөніс пен картоп дақылдары жалпы 52,3 мың гектарға, ал бақша өнімі 59,1 мың гектар жерге егілген. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 890 мың тонна көкөніс, 1,4 млн. тонна бақша, 256 мың тонна картоп жиналады деп күтілуде. Экономикамыз ауыл шаруашылығына бейімделген өңірде ауыл шаруашылығы дақылардын әртараптандырып, егіс, суармалы жерлердің көлемін ұлғайту, өнім көлемін арттыру мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Сол себепті, ел экономиксына үлес қосатын ауыл шаруалараының жағдайын жасау барлық аудандарда толығымен қарастырылған. Облыстан негізінен экспортқа: картоп, көкөніс, бақша, бидай, ұн, балық және балық өнімдері, өсімдік майы, құс еті және мақта талшықтары шығарылады.

 

Связанные Статьи