«Euobserverдің» хабарлауынша, Түркияның ЕО істері жөніндегі министрі Омар Челик республиканың антитеррорлық заңнамаларға өзгерістер енгізуге мүдделі еместігін мәлімдеген, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Оның сөзінше ЕО талап етіп отырған заңнамаға өзгерістер енгізу жақын болашақта мүмкін емес.
«Бізде террорлық әрекеттер жасап жатқан Күрдістан жұмысшылар партиясы, «Ислам мемлекеті» және басқа да топтар бар, сондықтан заңға қазір өзгерістер енгізу ақымақтық болады», - дейді министр.
Басылымның хабарлауынша, Түркия үкіметі терроризм ұғымын 15 шілдедегі сәтсіз төңкерістен кейін оппозиция өкілдерін жазалау үшін кең мағынада қолданған. Бұған дейін ел басшысы Реджеп Ердоған ЕО визасыз режим бойынша өз міндеттерін орындамаса, Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы миграциялық келісімнің «мүмкін болмайтындығын» мәлімдеген еді.