ОҚО диқандары Павлодарға көкөніс жеткізіп тұрады

/uploads/thumbnail/20170709051716643_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысының диқандары жыл он екі ай Павлодарға көкөніс жеткізіп тұратын болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.

Есесіне ол жақтан жылыжайға қажетті Екібастұздың көмірі мен электр энергиясы тасымалданады. Бұл туралы екі облыс басшысының кездесуі барысында айтылды. Өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуды көздеген делегация құрамында 20-дан астам ауылшаруашылық және ірі тауар өндіруші кәсіпорын басшылары бар. Павлодар жерасты қазба байлығымен ерекшеленсе, мақта тек оңтүстікте ғана өседі. Бұл өңірдегі тоқыма кластерінің дамуына сеп болуда. Өндіріске қажетті трансформатор мен мұнай-химия саласында қолданылып жүрген жерасты сорғылары да оңтүстікте жасалады. Делегация мүшелері Шымкенттегі индустриалды және «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағындағы бірқатар кәсіпорынды аралады. Бизнес өкілдері бір-бірімен пікір алмасып, сауда-саттықты жүйелеуге уағдаласты. Сапар аясында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік-эконмикалық салаларында ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойылды.

Нұрлан Ережепов, кәсіпкер (Павлодар):
- Біз залалсыздандыру құралдарын өндіреміз. ОҚО-ның барлық аудандары, соның ішінде Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан және Сарыағаш қалалары мен бүкіл аудандар біздің өнімді қолданады. Бұл кездесу өңіраралық интеграция процесіне жаңа серпін береді деп сенемін.

Сапарбек Тұяқбаев, облыс әкімінің орынбасары:
- Мақсат екі өңір арасындағы тауар айналымды және отандық өнімді қолдау бағдарламасы аясындағы қолдаулар көрсету. Әрине көп өңірлерде тіпті көрші өңірлерде өндіріп жатқан тауарларды кәсіпкерлер біле бермейді. Осы іс-шаралардың арқасында соның бәрі таныстыралтын болады. Осы іс-шара кәсіпкерлердің қол жеткізе алмай жүрген түрлі кедергілеріне шешім болып табылады.

Связанные Статьи