Назарбаев Пәкістан президентіне террорлық актіге байланысты көңіл айтты

/uploads/thumbnail/20170709051733534_small.jpg

Қазақстан Президенті Пәкістан Ислам Республикасының Президенті Мамнун Хусейнге Кветта қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан жаһандық қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экстремизм мен терроризмнің әрекеттерін қатаң айыптайды. Әлемдік қауымдастықтың осы қауіп-қатердің таралуына қарсы күрестегі күш-жігерін толық қолдаймыз», – делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ барша достас Пәкістан халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Связанные Статьи