Күні кеше Рио олимпиадасында қола жүлдегер болған қазақстандық ауыр атлет Фархат Харкиді премьер-министр Кәрім Мәсімов құттықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
"Біздің ауыр атлет Фархад Харкиді #Rio2016 олимпиадалық ойындарындағы қола медалімен құттықтаймын. #КАZ, алға!" деп жазды Мәсімов твиттер парақшасында.
Айта кетейік, Фархад алдымен 135 келіні көтерді. Одан соң екі мәрте 140 келіге екі рет тапсырыс берді. Бірақ бағындыра алмады. Нәтижесінде 135 келімен жұлқа көтеру сайысын үшінші болып аяқтап, кіші қола жүлдеге ие болды.
Ал серпе көтеруде жерлесіміз 170 келіні көтеріп, қос сайыстың қорытындысы бойынша 305 келімен қола жүлдегер атанды.