2016 жылғы Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz "Казахстанская правда" газетіне сілтеме жасап.
Биыл жалпы 31 мың 702 грант бөлініпті. Оның 2950 орны жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне білім алуға, 28 752 гранттың бірінші курсқа қабылдауға бөлінген (күндізгі оқу - 28 452, сырттай оқу - 300 грант). Техникалық және технологиялық мамандықтарға 12 593 грант бөлінген, педагогикалық мамандықтарға шамамен 5 мың грант бөлінген, ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлік мамандықтарына шамамен 2 690 грант, медициналық мамандықтарға 3 мың грант бөлінген.
(Фотоны басып, толық нұқасын көріңіз немесе төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз)
БІЛІМ ГРАНТЫ ИЕГЕРЛЕРІНІҢ ТОЛЫҚ ТІЗІМІМЕН МЫНА СІЛТЕМЕ БОЙЫНША ТАНЫСА АЛАСЫЗДАР.