Жақын арада «Ара» журналының жұмысы жанданады. «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Айқын» газетіне берген сұхбатында осылай деді.
«Естеріңізде болса, сонау 50-ші жылдары ашылған бұл журнал бертінге дейінгі аралықта қоғам мүддесіне қайшы, оның ішінде жемқорлықты, жең ұшынан жалғасу үрдісін, руға бөлінуді, жершілдікті және сол сияқты кеселді қылықтарды аяусыз сынға алып, әжуалай білген басылым», - деп атап өтті Б.Байбек. Сондай-ақ, ол алғашында «Араның» «Айқын» газетіне қосымша ретінде айына бір рет шығарылмақ болғанын да жеткізді. «Осы жоба бойынша ұсыныс жасаған Көпен Әмірбек ағамызды қолдадық. Яғни, бұл іске атсалысуға «Көпен де келе жатыр» - деп түйіндеді партия Төрағасының бірінші орынбасары. Айта кетейік, сұхбат барысында саясаткер партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа бағдарлама әзірлеп жатқанын да кеңінен әңгімеледі.
Оставить комментарий