Сапарбаевтың арызы бойынша алдын ала сот отырысы 16 тамызда өтеді

/uploads/thumbnail/20170709052047443_small.jpg

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың жер мәселесі бойынша белсенді Айдын Егеубаевтың үстінен жазған арызын Алматы қаласы Алатау аудандық соты қарайды,- деп хабарлайды Qamshy.kz.

Соттың алғашқы тыңдауы 16 тамызға белгіленген.

Естеріңізге салсақ, Айдын Егеубаев деген азамат Үкімет жанындағы Жер реформасы жөніндегі комиссия отырыстарының бірінде Шығыс Қазақстан облысын Б. Сапарбаев басқарып тұрған тұста облыстың Үржар ауданында 87437 гектар жер қытайлықтарға берілгенін мәлімдеген еді. А. Егеубаевтың айтуынша, 2010-2011 жылдары ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді «Дәремет» ЖШС (29827 гектар, директоры – С. Хван), «Ырғын» ЖШС (8712 гектар, директоры А. Ізімғалиев) және «Манфагат» ЖШС (49903 гектар, директоры Н. Тасмұратов) алған көрінеді.

Ал, 2009-2014 жылдары ШҚО-ны басқарған Б. Сапарбаев ол уақытта ешқандай жер шетелдіктерге берілмегенін дәлелдейтінін, А. Егеубаевты сотқа беретінін мәлімдеді.

БАҚ-қа берген сұхбатында А. Егеубаев «Мен жерді Сапарбаевтың өзі сатты демедім, тек 2010 жылы қытайлар келгенде облыс әкімі Сапарбаев болғанын айттым», - деген уәж айтады.

Сондай-ақ, бүгін осы «Дәремет» ЖШС құрылтайшыларының бірі болып табылатын «Бәтуа» фирмасының үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

Связанные Статьи