Алматыдағы «Асыл арман» кешенінің тұрғындары сасық иіске шағымдануда (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709052143834_small.jpg

Алматының іргесіндегі «Асыл Арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары улы газдан тұншығып жатырмыз деп шағымданып отыр. 20 мыңға жуық адам  беттеріне медициналық маска киіп жүруге мәжбүр. Бүгін жергілікті жұрт,  жағдайды реттеп бере алмай жүрген әкімге  улы газ таралған аумаққа келіп түнеп қайтуды ұсынды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап.

Шерхан Есіркен Асыл Арман тұрғын үй кешеніне бой көтергенде-ақ көшіп келген. Асыл арманым орындалды деген жігіт бүгін көршілерінің барлығына мынадай медициналық бетперделер таратып жүр. Оның себебі де жоқ емес. Тұрғылықты жерде ауа ластанып кеткен. Мамандар жасаған сараптамаға сәйкес бұл аумақта метан 22, аммиак 9, ал күкірттікөміртек нормадан 740 есе асып кеткен.

ШЕРХАН ЕСІРКЕН, «Асыл Арман» тұрғын-үй кешенінің тұрғыны:

- 500 метр жерде қоқыс тастайтын көлшіктер бар. Сонда өздерінің қалдықтарын қағаз зауыты және Абай ауылының тұрғындары тастап кетеді. Екі тарапқа да біз ескерту жасағанбыз. Алайда құлақтарына да қыстырмай қойды.

Қағаз шығаратын зауыттың мәселеден хабары бар.  Тіпті «іске қатысымыз жоқ» деп ат тондарын ала қашпады да. БІрақ халықты улап, сасық иістің таралуы қағаз қалдықтарынан болуына күмәнмен қарайды.  

ЮРИЙ ЕРМАКОВ, «Kagazy Recycling» ЖШС техникалық департаментінің жетекшісі:

- Зауыт 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қоқыс төгетін орындар бізге құс фабрикасынан қалған болатын. Қалдықтар сол уақыттан бері тасталып келеді. Жасырмаймын. Алайда, онда біз химикат, болмаса улы заттар тастамаймыз.

«Асыл Арман» тұрғын үй кешенін тұрғызарда бұл қалдық тастайтын орынның неліктен ескерілмегені белгісіз дегенді тілге тиек етті компания қызметкері. Сондай-ақ 15 жылдан бері жасап келген жұмысымызды әрі қарай да жалғастыратын боламыз дейді олар. Бұл тұста жергілікті тұрғындардың компания басшылығына және Қарасай ауданының әкімшілігіне айтары бар.

ШЕРХАН ЕСІРКЕН, «Асыл Арман» тұрғын-үй кешенінің тұрғыны:

- Мына кісілер тұрған жерге Қағазы Ресайлинг және Қарасай ауданы әкімін шақырып, оларға киіз үй тігіп бермекшіміз. Олар осында келіп, тұрып көрсін. Біз жұтып жүрген ауаны жұтып, сасық иісті сезссін. Егер барлығы таза деп ойласа келіп тұрсын. Алдағы екі аптада мәселе шешілмесе киіз үйді осында тігіп қоямыз.

Жергілікті жұрт мәселе алдағы екі аптада шешілмесе, әкім мен компания басшыларына арнайы шақырту жібереміз дейді. Не әкім келіп қонып қайтсін, не ауа тазарсын дегендерге биліктегілер әлі жауап бермеді.

Связанные Статьи