ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫ ЕКІ АЛТЫН, БІР КҮМІС МЕДАЛЬМЕН ТОЛЫҚТЫ

/uploads/thumbnail/20170709052209600_small.jpg

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарының бесінші күні қазақстан қоржыны қос алтынмен толықты, - деп хабарлайды Qamshy.kz

77 келіде ерлер арасында өнер көрсеткен ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов пен  жүзуші Дмитрий Баландин Олимпиада чемпионы атанды.

Ниджат жұлқа көтеру сайысын 165 келімен үшінші болып аяқтаған еді. Ал осы сайыста 177 келі зілтемірді көтеріп, жерлесімізден 12 келіге асып кеткен болатын.

Спортшымыз серпе көтеруде 214 келіні басынан асырып, Рио олимпиадасының алтынына қол жеткізді. Сонымен, қоссайыстың қорытындысы бойынша 379 (165+214) келі нәтиже көрсетті. 

Ал ерлер арасында 200 метр қашықтыққа жүзуден финалдық сайыста қазақстандық Дмитрий Баландин 2:07,46 көрсеткішімен мәреге жетіп, Қазақстан қоржынына Рио Олимпиадасының екінші алтын медалін салды. 

Баландин жүзу бойынша алғашқы қазақстандық Олимпиада чемпионы атанды.

Сондай-ақ, Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында Жазира Жаппарқұл қазақ қыздарынан тұғыш болып, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. 

Сонымен Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2  күміс, 3 қола медальмен 11-орынға көтерілді.

Связанные Статьи