НАЗАРБАЕВ ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНДАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

/uploads/thumbnail/20170709052211334_small.jpg

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рио Олимпиадасының чемпиондары ауыр атлетіміз Ниджат Рахимов пен  жүзуші Дмитрий Баландинді жеңістерімен құттықтады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстандықтар сенің өнеріңді зор қызығушылықпен және үлкен үмітпен тамашалады. Сен олардың үмітін толық ақтадың. Жоғары спорттық шеберлігің, жанкештілігің мен асқан ерік-жігерің саған қиын сайыста мықты қарсыластарды жеңіп шығып, Қазақстанның олимпиадалық командасына алғашқы алтын медальді әперуге көмектесті. Сенің жеңісің елдің жас спортшылары үшін лайықты үлгі болары анық», – деген Нұрсұлтан Назарбаев Ниджат Рахимовқа жаңа жеңіс пен жетістіктер тіледі. 

«Сенің жарқын жеңісің қазақстандықтарға зор қуаныш сыйлады. Даңқты қарсыластармен жанкешті және қиын сайыста жеңіп алған алтын медаль – сенің жоғары шеберлігіңнің, мақсатқа талпынуыңның, ерік күшің мен қайрат-жігеріңнің көрсеткіші. Сенің теңдессіз табысың Қазақстан спортының шежіресінде мәңгілік қалады», – деді Елбасы жүзуші Дмитрий Баладинді құттықтауында.

Қазақстан Президенті спортшының келешекте жаңа белестерді бағындыруына тілектестік білдірді.

Связанные Статьи