Қазақмыстың 17 қызметкері зардап шеккен Қарағанды облысындағы жол-көлік апатының мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz «Қазақмыс» копрорациясы» ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында компанияға қарасты Оңтүстік Жезқазған кеніші 67-шахтасы маңындағы темір жол өткелінде тепловоз бен жұмысшылар таситын автобус соқтығысып, 17 адам зардап шеккен болатын.

Компанияның хабарлауынша, зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілген. Қазір екі жұмысшы адам ауыр халде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайы қалыпты екенін, өмірлеріне қауіп жоқ екенін айтуда.


«Қазақмыс» корпорациясы барынша қажетті қызметті көрсетуге тырысуда. Жол-көлік апатының себебін анықтап, тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.