Алматыда ақыл-ес ауытқушылығынан зардап шегетін психикалық денсаулық орталығының науқасы іздестірілуде, - деп хабарлайды Qamshy.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«2016 жылы 10 тамызда шамамен сағат 19-да Алматыдағы психикалық денсаулық орталығынан 1982 жылғы Қожамбетов Қанат Жанатұлы қашып кетті. Ол шизофренияның созылмалы түріне шалдыққан», - деп хабарлады полицейлер.
Қазіргі уақытта Қ.Қожамбетовты ұстауға Алматы қалалық ІІД-нің жеке құрамы, сонымен қатар шекаралас облыстардың ішкі істер органдарының құрылымдары тартылды.
Полиция Қ.Қожамбетовтың қайда екенін білетін азаматтардан 254-40-42; 254-40-92; 254-49-75 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұрайды.