Шаттықтың күйі еседі,
Жүректен жырлар көшеді.
Алаштың туы көкпеңбек,
Рио төрінде желбіреді.
Жүректегі сөзіміз,
Қуанды Алаш еліңіз.
Алтынмен абыройды асырған,
Ниджат аға, Неджат аға -өзіңіз!!!
Қаф тауында туған арысым,
Жықпаған бəйгеде ел намысын.
Өр күшіңді жан аға, алтын аға,
Барша əлем осы сəтте танысын.
Алтын сыйлаған сəт Алашқа,
Жанарлар толды қуаныштан жасқа.
Қыранша қанат қағыңыз аға,
Лайық боп азамат деген атқа.
Түркілік рух жеңіске бастап,
Толтырдыңыз қиял көгін шуаққа.
Бағлан болмыс, оғлан ағам,
Қымбат қой алтыннан бағаң.
Жас жүрегімді жұлқынтты,
Өзіңіз жайлы бір əн.
Топанбай Мейірхан
Зағип əліппесімен жазылған екен