Жеңісіңмен жақтың намыс алауын.
Жанкүйердің таптың көңіл қалауын,
Жазиражан - қазағымның қызысың,
Желбіреткен жеңісімнің жалауын.
Жылдар күткен арманым да бұл дағы.
Жақсы хабар күтетұғын жылдағы.
Жасындай боп жарқ еткізген аспанды,
Жақсылар мен жайсаңдардың жұрнағы,
Жанашырдың, жанкүйердің бірі едім.
Жылдан жылға жұмырлансын білегің,
Жақсы тілек, ақ батамыз қабыл боп,
Жаратқаннан тек жақсылық тіледім!!!
Жоғырадан көрінсе екен ұл - қызым,
Жарқырасын әрқашан да жұлдызың.
Жыраулардай батыр жырын жырлаған,
Жырдан қалап бір ескерткіш тұрғыздым.
Советқазы НҰРСИЛА