Ақтөбедегі облыстық драма театры жат ағымның жетегінде кеткендер жайында қойылым әзірлеп жатыр. Содырлар сойқанынан соң бұл өңірдегі өнер ордасы жаңа маусымда осы мәселені көтеруді жөн санаған, - деп хабарлайды Qamshy.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Спектакльде жақындарын жат санап, Сириядағы соғысқа барып сенделген отбасы туралы айтылады.
-Шешші, айналайын, қызым-ау. Шешші аналарыңды.
-Апатай...
Айдың-күннің аманында қара жамылып, бетін бүркемелеген қызының қылығына зарлаған ана. Күнделікті өмірде көріп жүргенімізбен, бұл күрмеуі шешілмейтін мәселеге айналып бара жатыр. Сондықтан ақтөбелік әртістер де әсіредіншілдердің әрекетін көрерменге ашық көрсетуді жөн санаған. Әйтсе де, арабша тіл сындырып, радикалдарды сомдау оңайға соқпай отыр. Сондықтан кейібірінің кейіпкерді ашу үшін «сақалдылармен» жақын араласуына тура келген.
Кеңес Кемалбаев, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының әртісі:
-Былай танитын адамдар да бар ғой. Әңгімелесіп, жөн жобасын, қандай бағыта әлі де қалай сөйлесу. Оны үйреніп алуымыз керекпіз. Әйтпесе өзімізше ойнай берсек, келістіре алмай қалсақ олар ондай емес еді, бүлдіріп кетті деген әңгімеге қалудан да қорқасың.
Ақтөбедегі содырлардың сойқанынан кейін жат ағымнан жастарды жирендіру үшін өнер ұжымдары да белсеніп жатыр. Дарама театр басшылары Жабал Ерғалиевтің пьесасын қоюға астаналық режиссерге қолқа салыпты.
Нұрлан Жұманиязов, режиссер:
-«Ауруын жасырған арам өледі» демекші, көзқарасымызды білдіру керек сияқтымыз. Бұдан қорықпау керекпіз. Әр мәселені айтудан қорықпау керек қоғам да, сол қоғамның әр адамы да.
-Жат ағымның жетегінде кеткендер туралы қойылым қыркүйектің басында сахналанады. Оған көрермен ретінде адасып жүрген әсіредіншілерді де шақыру жоспарланған. Бірақ олардың мұнда келе қоюы екіталай.