Жақыныңа жәннатқа апарар жол сыйла!

/uploads/thumbnail/20170709052331898_small.jpg

Адамның құны арзандап, жақыны жатқа айналған мына заманда мұсылмандықтың жөні әрқашанда бөлек. Пайғамбарымыз(): «Бір-бірлеріңе сыйлық беріңдер. Өйткені сыйлық арадағы махаббатты арттырады», - деген екен. Қазір қай қазақ бір-бірін немен сыйлап жатыр? Әке-шешені де, сүйген жарды да, бала-шағаны да риза етуге тиіс ер азаматтар ше? Сынақ өмірдің сыры – жәннатқа апара жолда жатыр десек, баласы ата-анасына, ата-анасы баласына не істеп ризашылық іздеуде? Әрине, пенде үшін ең үлкен сый – адамнан махаббат, Алладан жәннат күту... Мұсылман баласы иман келтіріп, ораза ұстап, зекет беріп, намаз оқып жүрседе, ең соңғы парызы қажылық міндетін өтеу  - кез келген адамның маңдайына жазыла бермейтіні анық. Дегенмен шетелдің демалыс орындарында ойнақ салып жүрген Отандастарымызды көргенде неге солардың кағбаға қадам тастамайтынын ойлайсың? Тым құрыса баласы ата-анасын, күйеуі әйелін қасиетті Меккеге бастап барса қандай сауап пен ризашылыққа кенелер еді?! Әлде қажылықтың қалай болатыны туралы мағлұмат жоқ па? Ендеше назар аударыңыз. Біз Қазақстандықтардың қажылығы туралы «Атлас Туризм» компаниясының басшысы Мәулен Қалдыбек мырзамен сұхбаттасқан едік.

- Сәлеметсіз бе, Маулен Cәбитұлы! Жалпы «Atlas tourism» компаниясы жайлы айтып өтсеңіз.

- «AТЛАС ТУРИЗМ» фирмасы 2004-жылы ашылып, Алматы, Астана және Шымкент қалаларында Қажылық, Ұмра, Халал Туризм және авиабилет бөлімдерімен қызмет көрсетеді. Қажылық және ұмра жұмыстарын 2010 жылдан бері тәжрибелі қызметкерлерімен ұйымдастырып келеді. Жылдан жылға қажылардың  саны өсуде. Былтырдың өзінде біздің компания 300-нан  астам қажыларды апарып, аман сау алып келді. Атлас Туризмнің негізгі мақсаты, адамдарды құр ғана тек қажылыққа апарып келу емес, олардың сол жердегі жағдайын ыңғайластыру, ден саулығын  бақылау, қажыларға жоғары қызмет көрсету болып табылады.

- Биыл қажылыққа қанша адам бара жатыр?

- Жылда  5000ға жуық квота алынатын болса, биыл  Қазақстан Діни басқармасынан бізге келген ақпараты бойынша тек қана 3000 қажыға квота алынған. Сондықтан ниеті бар адамдарымыз тездетпесе орындарымыз шектеулі.

- Алайда соңғы кезде қажыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетуге байланысты көптеген әңгімелер шығуда. Мысалы қымбат ақшаға барған қажылардың ол жердегі көрген қызмет деңгейі әдеттегіден жоғары болуы кейбір адамдарда наразылық тудыруда. Кондиционер, арнайы матрастардың қойылуы қажылық шарттарына сай емес деген әңгіме өрбуде, осыған өзіңіз не дейсіз? Сізде қандай қызметтер қарастырылған?

- Біздің компанияда биылғы 2016 жылғы қаржы бағдарламамыз 3 түрге бөлінген:

1. Стандарт

2. Люкс

3. VIP

Айтылып өткен «Стандарт» пакетінің бағасы доллармен сөйлесек 3800$. «Стандарт» пакет бұл эконом пакет емес, немесе кейбір қажылық фирмаларының Стандарт пакетінен өзгеше; әдетте  Минада, Арафатта екі-үш мезгіл тағам, арнайы матрастар кірмейді. Ал біздің «Стандарт» пакетімізде Мина шатырларында 3 мезгілдік тағам, 24 сағат шәй-кофе және қажыларымызға ыңғайлы болу үшін әрбір адамға аранайы жастық-төсенішімен матрастарымыз беріледі. Қажылықтың негізгі ритуалдары-4 күн бойы осы Мина-Арафат алқабында өтетінін ескерсек, бұған қоса адамдардың көптігі, күннің аптап ыстықтығын да қоссаңыз, жоғарыдағы аталған қызметтер қажыларымызға үлкен жеңілдік болмақ.

Біз 6 жылдың ішінде 5000-нан астам қажыларды Алланың құдіретімен аман-сау, өте көтеріңкі көңіл күйімен елге жеткіздік, менің ойымша бұл өте маңызды көрсеткіш. 

- Біраз қажылардан  «Бізді қонақ үйге апарды  сосын туризм өкілдерін анда-cанда бір көргеніміз болмаса, барлық шарттарды сұрастырып өзіміз жасадық» деген шағым естідік. Жалпы Атлас ұжымы мамандары қажылық кезінде толықтай үлгере ма?

- Қажылық сапарға шықпас бұрын әр сенбі күндері Алматы, Астана, Шымкент және Ақтау қалаларында қажыларымызға арнайы дәрістер ұйымдастырамыз.

Әр қажыға бастан аяғына дейін қасында болатын жетекші таныстырылады. 25-30 адамға арнайы бір жетекші тағайындаймыз. Жетекшілеріміз бірнеше жылдық тәжірибесі бар мамандар, әр жетекші туралы atlas.kz сайтымыздан ақпарат ала аласыздар.

Мұндай тәжірибелі әрі  тек Алла ырзашылығы үшін қажыларға қызмет жасайтын ұжым болудың өзі өте маңызды және биыл Алла қаласа біз ойлағаннан да жоғары қызмет көрсетеміз.

Бұған қосымша, фирмамыздың атынын әрбір қажымызға ұлттық нақышпен өрнектелген Қажылық киімін тегін сыйлаймыз. Бұл біріншіден еліміздің абыройын көтеру болса, екіншіден миллиондаған адамның ішінен бір-бірін оңай тауып алуға мүмкіндік береді.

 

«Атлас туризм» компаниясының сайты: http://www.atlastourism.kz/​

Фейсбуктегі парақшасы: @atlastourism

Мекен-жайымыз:

Астана қ.
Иманбаев к-сі 9 ВП 8

+7 (717) 2210781
+7 (707) 744 66 77
 info@atlastourism.kz

Алматы қ.
Фурманов к-сі, (Шевченко к-сімен қиылыс) 149-үй, № 1 офис

+7 (727) 272 08 37 
+7 (727) 272 77 66
+7 (701) 633 04 00 
+7 (701) 222 78 79

info@atlastourism.kz

Шымкент қ.
Кадеев к-сі 44, Байтурсынов к-сі

+7 (725) 239 37 33
+7 (725) 221 44 56
+7 (778) 260 02 40  
+7 (777) 558 92 22

 atlas_shymkent@mail.ru

Әңгімелескен Дархан Мұқантегі

Связанные Статьи