Түркия билігі Гүленнің туыстарын тұтқындай бастады

/uploads/thumbnail/20170709052405195_small.jpg

Түркия құқық қорғау органдары билікті басып алуды көздеді деген күдікті Фетхуллах Гүленнің туыстарын тұтқындай бастады. Ердоған билігі Гүленнің туысы, тележүргізуші әрі адвокат Кемаль Гүленді тұтқындады, - деп хабарлайды Qamshy.kz baq.kz - ке сілтеме жасап.

Түркиялық Hürriyet газетінің жазуынша, адвокатты мемлекеттік төңкеріс оқиғасынан бері Кастамон провинциясындағы бір ауылда туысқанының үйінде тығылып жатқан жерінен ұсталып, терроризмке қарсы өңірлік қауіпсіздік бөліміне жеткізілген.

Сонымен қатар, Кемаль Гүлен Фетхуллах Гүленге тиесілі медиахолдингтердің біріне тиесілі Samanyolu телеарнасында жүргізуші қызметін атқара жүріп, ағасына адвокат болған.

Бұл Гүлендер әулетіндегі алғашқы тұтқын емес. Бұдан бұрын да Гүленнің тағы бір туысқаны Абдулла Коруджук прокуратураның талап етуімен темір торға қамалған еді.

Связанные Статьи