Ақмола облысы Ақкөл қаласының басшылығы бассейнге Рио Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландиннің есімі беруді жөн көріпті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Мұндай бастаманы қала жастары көтеріпті.
Ақкөлдегі ұзындығы 25, ені 8,5 метр болатын бассейн – аудандағы жалғыз жүзу орны. Мұнда күн сайын 100 шақты адам келетін көрінеді. Бассейнде бір жарым жыл ішінде 600 бала жүзуді үйреніп, олардың отызы бүгінде ореспубликалық деңгейдегі жарыстарға облыс атынан қатысып жүр екен.