Рио Олимпиадасының жетінші жарыс күнінде ауыр атлеттеріміз жүлде үшін бақтарын сынайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz 24.kz - ке сілтеме жасап.
Бүгін зілтеміршіміз Денис Уланов өнер көрсетеді және боксшымыз Жәнібек Әлімханұлы шаршы алаңға шығады. Назарларыңызға бүгін жарыс алаңына шығатын спортшыларымыздың өнер көрсету кестесін ұсынамыз (Астана уақыты бойынша):
Академиялық ескек есу. Ерлер. Финал F
Спортшы: Владислав Яковлев
Уақыты: Басталуы сағат 17:30-да;
Оқ ату. Ерлер. Винтовкамен жатып ату (50 метр). Квалификация
Спортшы: Юрий Юрков
Уақыты: Басталуы сағат 18:00-де;
Академиялық ескек есу. Әйелдер. Финал Е
Спортшы: Светлана Германович
Уақыты: Басталуы сағат 18:00-де;
Жеңіл атлетика. Диск лақтыру. Ерлер.
Спортшы: Евгений Лабутов
Уақыты: Басталуы сағат 18:30-да. Тікелей эфир (KazSport);
Бокс. 75 килограмға дейінгі салмақтағы ерлер. 18 финалы
Спортшы: Жәнібек Әлімханұлы
Уақыты: Басталуы сағат 22:30-да. Тікелей эфир («Қазақстан»);
Жеңіл атлетика. 20 км-ге спорттық жүріс. Ерлер
Спортшы: Георгий Шейко
Уақыты: Басталуы сағат 23:30-да;
Ауыр атлетика. 85 кг салмақтағы ерлер.
Спортшы: Денис Уланов
Уақыты: Басталуы сағат 04:00-де. Тікелей эфир («Қазақстан»);
Жеңіл атлетика. Әйелдер. 100 метр. Алғашқы раунд
Спортшы: Ольга Сафронова, Виктория Зябкина, Рима Кашафутдинова
Уақыты: Басталуы сағат 07:40-та.
Қазіргі кезде Қазақстан жалпымедальдық есепте 12-орынға жайғасты.