Жанкүйерлер Қайрат Ералиевті Мұхаммед Әлимен салыстыруда (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709052459962_small.jpg

Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада кезінде көрермендерді өз өнерімен таңғалдырды, - деп хабарлайды Qamshy.kz BNews.kz – ке сілтеме жасап.

Олимпиада ойындарының 1/16 финалында Ералиев шаршы алаңға 2013 жылғы әлем чемпионы Джавид Челебиевке қарсы шықты. 56 келіге дейін салмақта жұдырықтасатын жерлесіміз бұл жекпе-жекте 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қайрат Ералиев 1/8 финалдағы кездесуін Астана уақытымен 15 тамыз күні сағат 2:30-да өткізеді.  

Айта кетерлігі, жанкүйерлер қазақстандық боксшының соңғы раундта көрсеткен өнеріне тәнті болды. Ералиев қорғану кезінде шебер тактика қолдана білді. Қарсыласы қанша соққы жасаса да, дарыта алмады. Жұрт Қ.Ералиевтің қорғанысын Моххамед Әлидің стилімен салыстырды.

1977 жылы аты аңызға айналған боксшы Мұхамед Әли Майкл Доукске қарсы өткізген жекпе-жегінде дәл осылай шеберлік танытқан болатын. Әли 10 секундтың ішінде 21 соққыдан жалтарып кетті.

Связанные Статьи