Ертең жер реформасы комиссиясының кезекті отырысы өтеді

/uploads/thumbnail/20170709052505415_small.jpg

Тамыздың 13-і күні Астанадағы Ұлттық мұражайы ғимаратында Жер реформасы бойынша қоғамдық комиссияның кезекті отырысы өтеді. Комиссия отырысына қатысам деушілер бүгін 18:00-ге дейін https://goo.gl/forms/GT5XHmIzpim0vhKi1 сілтеме бойынша тіркелуі қажет. Комиссияның ертеңгі отырысы сағат 10:00-де басталады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Baq.kz - ке сілтеме жасап.

Айта кетейік, Жер комиссиясының соңғы отырысы Атырау қаласында өткен болатын. Сол жерде экономикалық топтың жетекшісі Ақылбек Күрішбаев ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру бойынша комиссияның нақты ұсыныстарын жариялаған. Ал жерді өз азаматтарымызға сату және шетелдіктерге жалға беру бойынша әлі нақты бір шешімдер әзірленген жоқ. Комиссия мүшелері алдымен барлық аймақтарды аралап шығуды көздейді. Соның негізінде аталған екі маңызды мәселе бойынша тиісті ұсыныстар даярланады.

Жақында Премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдаған Президент Нұрсұлтан Назарбаев жер реформасы бойынша республикалық комиссияның жұмыс нәтижесін ұсынуды тапсырды. Осы және басқа да мәселелер тамыздың соңында өтетін Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде қаралмақ

Связанные Статьи