Швецияға жосып келген мигранттар жеке үйлерде тұрғысы келеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл туралы «Комсомольская правда» басылымы жазады. Швецияда мигранттар үкімет арнайы бөлген үйлерде тұрғысы келмейді екен. Осыған байланысты Норртелье коммунасының билігі жергілікті тұрғындарға өздерінің жазғы үйлерін босқындарға беруге ұсыныс жасады. Коммуна әкімшілігі босқындар аренда ақысын уақытылы төлеуін муниципалитеттің өзі қадағалайды деп сендірді.
Естеріңізге салайық, бұл елде босқындар бірнеше наразылық акциясын өткізген болатын. 11 тамыз күні бір топ босқын өздеріне үкімет бөлген үйлер көңілінен шықпай, қарсылық шарасын өткізген. Үкімет ұсынған үйді көруге келген босқындар ғимаратты бір көргенде-ақ ұнатпай, автобустан түспей қойған. Оларға бірнеше отбасыға ортақ бір баспананың берілуі ұнамайды екен. Сонымен қатар бұл елде мигранттарға арнаған үйлердің қала сыртында орналасуы да босқындардың наразылығын тудырған.