Түркияның ұлттық қорғаныс министрі Фикри Ишик Анкара маңындағы «Акынджы» әскери базасының орнына «Демократия бағы» орнатылатындығын мәлімдеді. Бұл туралы Day.Az. ақпарат порталы хабарлайды.
Бұл база шілде айындағы сәтсіз әскери төңкерістің ошағына айналған еді. Министрдің сөзіне сүйенсек, Стамбұл мен Анкарадағы әскери базалардың орнын ауыстыру 15 қыркүйекте аяқталмақ. Бұған дейін ел премьер-министрі Бинали Йылдырым қос шаһардағы әскери нысандардың жабылатындығын айтқан болатын.