БҰҰ Сирияға көмек жүгін жеткізудің оңтайлы жолын қарастыруда

/uploads/thumbnail/20170709052605806_small.jpg

БҰҰ Алеппоға гуманитарлық көмекті жеткізуге арналған  үш сағаттық «тыныштықты» жеткіліксіз деп санайды. Бұл туралы халықаралық ұйымның «Жаңалықтар орталығы» хабарлайды. БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура пен оның гуманитарлық істерге жауапты көмекшісі Ян Эгеланн  Алеппоға  гуманитарлық көмекті жеткізуге және қаладан жараланғандар мен науқастарды шығаруға үш сағаттық «тыныштық» аздық ететіндігін мәлімдеді. Олар БҰҰ-ның аталмыш елді мекенде «гуманитарлық үзілісті» аптасына 48 сағат көлемінде орнатуды ұсынды. Стаффан де Мистура Сириядағы қарулы қақтығыстардың жалғасуына алаңдаулы екенін жеткізді. БҰҰ-ның арнайы өкілінің ойынша, бұл қақтығыстар Сирия  шиеленісін әскери жолмен шешуге болмайтындығын тағы да дәлелдеп отыр.

БҰҰ-ның арнайы өкілінің мәлімдеуінше, бүгінде Женевада АҚШ пен Ресей өкілдері арасында «гуманитарлық үзіліске» қатысты кеңес өтуде. Стаффан де Мистура мен Ян Эгеланн Алеппоға көмек көрсету мақсатымен баратын гуманитарлық ұйымдардың қызметкерлері мен жүк көліктері қалаға жетіп, одан аман-есен шығуы үшін аптасына 48 сағаттық қажет екендігін атап айтты. Сондай-ақ БҰҰ өкілі жолы бұзылған аймақтан көмек жүгі тиелген автокөліктердің жүруі үшін де үш сағат уақыт аздық ететіндігін ашып айтты. Бүгінде БҰҰ Алеппоға гуманитарлық жүктерді Түркия арқылы тасуда.

Связанные Статьи