Түркияда Фетхуллах Гүленнің дүние-мүлкі тәркіленуде

/uploads/thumbnail/20170709052607416_small.jpg

Түркияның Адана өлкесінің соты елдегі әскери төңкерісті ұйымдастырды деген айып тағылып, бүгінде АҚШ-та тұрып жатқан уағызшы Фетхуллах Гүленнің дүние-мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды деп хабарлайды Day.Az. жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Сот шешіміне сәйкес Гүленнен бөлек ол бастаған қозғалыс мүшелерінің де дүние-мүлкі тәркіленбек. Бұған дейін Стамбұл соты Фетхуллах Гүленді тұтқындау туралы шешім шығарған болатын.

Алайда АҚШ тарапы уағызшы оппозиционерді Түркияға қайтару үшін қосымша құжаттар қажет екендігін айтып, бұл процестің ұзаққа созылатындығын мәлімдеген болатын.

 

Связанные Статьи