Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бокстан әйелдер арасында өнер көрсететін Жайна Шекербекованың алғашқы қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жайна Шекербекова жарысты бірден ширек финалдан бастайды.
Бүгін бокстан 51 келіге дейінгі әйелдер арасында жекпе-жектер басталған болатын. Осы сында франциялық Сара Урамун 1/8 финалда Марокко боксшысы Зохру Эз-Захрауи айқын басымдықпен ұтты.
Енді ол ширек финалда қазақ қызымен жұдырықтасады. Боксшы қызымыздың алғашқы жекпе-жегін 17 тамыз күні Астана уақытымен 02:15-те тамашалайтын боласыздар.