Рио-2016: Бүгін төрт боксшы бақ сынайды

/uploads/thumbnail/20170709052813839_small.jpg

Олимпиаданың сегізінші күні басталды. Бүгін Василий Левит жартылай финалда жұдырықтасады, - деп хабарлайды Qamshy.kz aikyn.kz - ке сілтеме жасап.

Таңғы сағат 06:55-те «Хабар» арнасы ерлер арасында жүзуді тікелей эфирде береді. 100 метрді баттерфляй әдісімен жүзуді көре аласыздар. Десе де елімізден аталған жарысқа қатысатын ешкім жоқ. Рио төрінен дәл сол сәтте көруге болатын келесі жарыс – академиялық ескек есу. Бұл жерде де біздің атлеттерді көре алмаймыз. Жеке есепте ерлер арасында өтеді.

Олжас Сәттібаев (52 кг) алғашқы болып бастайды. Оның жұдырықтасуын "Қазақстан" арнасы 19:55-те көрсетеді. Бокс кешінің қызғаны шағы - 01:55-тен кейінгі кез. Тартысты "Хабар" арнасынан 01:55-тен бастап тамашалауға болады. Рингке шығатын ендігі боксшы – команда капитаны Данияр Елеусінов (69 кг). Ширек финалда Данияр венесуэлалық Габриэль Маэстремен кездеседі. Уақыты – 3:30. 91 келіге дейінгі салмақтағы Василий Левит жартылай финалда. Қарсыласы – Куба спортшысы Эрисланди Савон. Серік Сәпиевтің айтуынша, бұл Левиттің карьерасындағы ең ауыр жекпе-жек болғалы тұр. Тартысты бәсеке 3:45-те басталады. Ерлер арасында Олимпиаданың шаршы алаңына осыған дейін шықпаған тек ауыр салмақтағы (+91 кг) Иван Дычко ғана қалған еді. Оның жұдырықтасуы 4:45-ке жоспарланған. 1/8 финалдан бастайтын Дычко әзірбайжандық Магомедрасул Юсубпен кездесу өткізеді.

Связанные Статьи