Астанада өтіп жатқан жер комиссиясының отырысында ақын Жүрсін Ерман осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Халық артқан сенімді ақтадық па, ақтамадық па, ол бөлек әңгіме. Байқауымша комиссия тарағалы отырмыз. Өзін-өзі таратып, Елбасыға алғыс айтқан парламенттер болды ғой. Менің ұсынысым, қанша мораторий жарияласақ та, күн тәртібінен жерді сату, шетелдіктьерге жалға беру дегенді алып тастау қажет. Қазақтың жері ешкімге сатылмауы тиіс», - деді Ж. Ерман.
Ақын сондай-ақ, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары фермерлерінің ұсыныс, тілектерін де жазбаша түрде комиссия төрағасына тапсыратынын жеткізді.