Офшордағы ақшаны жерге салайық

/uploads/thumbnail/20170709052932257_small.jpg

Жер комиссиясының отырысында экономист Оразалы Сәбден осындай ұсыныс тастады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Осы жерді сату, жалға беру туралы әңгіме басталғанда экономика министрлігіндегілер жерді сатқаннан, шетелге жалға бергеннен 1 триллион теңгеден астам пайда табатынымызды айтқан. Ол сондай көп ақша емес. 3 миллиард доллардың шамасы. Қазір офшорда Қазақстанның 154 миллиард доллар ақшасы жатыр екен. Сол ақшаны қайтарып, жерге салайық.

Бізге экономикалық реформа керек. Ерте ме, кеш пе саяси реформалар да жасау қажет болады. Халықтың 45 пайызы қазір ауылда тұрады. Бізде әлі күнге жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң жоқ. Сол заңды қабылдасақ, біраз дүние шешілер еді.

Былтыр «Кооперциялар туралы» заң қабылданды. Қазір өте нашар жүзеге асуда. Әкімдіктер дұрыс жұмыс істемейді, оны Президент те айтты. Бұл бағытта ауылшаруашылық министрлігінің атқарар жұмысы көп. Жер реформасы туралы жаңа концепция керек, жаңа жер кодексі, мемлекеттік бағдарлама қажет, тіпті, жерді жалға беру туралы жеке заң керек шығар. Сондықтан, мүмкін басқа форматта болар, бірақ, осы комиссияның жұмысы тоқтамауы керек», - деді О. Сәбден.

Ол сондай-ақ, мораторийді созу туралы ұсынысты қолдайтынын жеткізді.

Связанные Статьи