Дәурен Бабамұратов: Комиссия шешімі – халықтың жеңісі

/uploads/thumbnail/20170709053021648_small.jpg

Жер комиссиясының Астанада өтіп жатқан бүгінгі отырысында комиссия мүшесі Дәурен Бабамұратов ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге жалға беру мен ел азаматтарына жеке меншікке сатуға қойылған мораторийді тағы бес жылға ұзарту туралы ұсынысты қолдады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Қалыптасқан жағдайда ең ұтымды шешім осы болса керек. Сондықтан бұл – халықтың жеңісі, елдің жеңісі. Бұрын көтеріліп жүрген басты мәселелер осы еді. Үш айдың ішінде біз екі тараптың да көзқарасын тыңдадық», - деп атап өтті Дәурен Бабамұратов.

Оның пікірінше, ортақ шешім қабылдау үшін уақыт керек екені сөзсіз.

«Сондықтан мен мораторийді қолдаймын. Ал енді, бір айдың ішінде комиссия құрамы ондаған, одан да көп тәп-тәуір ұсыныс айтты. Ол ұсыныстардың тағдыры не болады? Осы ұсыныстардың ұтымды болуын, дұрыс жүйеге асуын, ары қарай дұрыс өңделуін, жөнделуін кім қадағалайды, кім бақылайды? Біздің осындай мінберден тағы сөйлеуге мүмкіндігіміз бола ма? Осы сұрақтар мен үшін өте маңызды. Енді, мараторий жариялағаннан кейін комиссия жұмысы тоқтайтыны айдан анық. Ол дұрыс та шығар. Бірақ та комиссияның шешімдерін бақылайтын, іске асыратын, қарап отыратын қосымша бір орган немесе тағы бір комиссия құрылуы қажет екені сөзсіз. Мен мараторийді қолдаймын», - деп түйіндеді комиссия мүшесі.

Естеріңізге сала кетейік, Жер реформасы жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі, комиссия төрағасы Асқар Мырзахметов Жер кодексінің кейбір баптарына енгізілген мораторийді бес жылға, яғни, 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуды ұсынған болатын.

Связанные Статьи