Астанада бүгін өткен Жер комиссиясының отырысында ауылшаруашылық мақсатындағы жерді сату мен шетелдіктерге жалға беруге тыйым салатын мораторийді созу туралы бастама көтерілді. Комиссия төрағасы Асқар Мырзахметов үш ай бойғы комиссия жұмысында айтылған ұсыныстардың жинақталғанын айтты. Алайда, комиссия мүшесі өз жұмыс тобының әзірлеген ұсыныстары ескерілмей қалғанын айтып отыр.