О. Рыпакованың анасы: Біз Ольганың жетістікке жетеріне сенімді болдық

/uploads/thumbnail/20170709053253666_small.jpg

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ жазғы олимпиада ойындарында қола медаль иеленген шығысқазақстандық спортшы Ольга Рыпакова ел даңқын тағы бір рет асқақтатты. Спортшының анасы айтып өткендей, туыстары бірде-бір сәтті мүлт жібермей, тікелей эфирден тамашалап отырған, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Ольга Рыпакованың анасы Валентина Алексееваның айтуынша, туыстары Ольганың жетістікке жетеріне сенімді болған.

– Ол Олипиада ойындарына аттана салысымен қобалжыдық. Біз ол алтын медаль алады алады, бірінші орынға шығады деп болжам жасамадық. Тек жетістікке жетеріне сенімді едік. Тікелей эфирден әр сәтті тамашалап, әрдайым телефонмен хабарласып отырдық, – деді анасы Валентина Алексеева.

Айта кетсек, жазғы Олимпиада ойындарына Қазақстаннан аттанған 104 спортшы арасында 6 спортшы Шығыс Қазақстан облысынан. Соның ішінде жалпы көрсеткіш бойынша Ольга Рыпакова жетістікке жетіп, қоржынға 8-ші медальды әкеліп отыр.

Связанные Статьи