Америка Құрама Штаттарында бұрын-соңды болмаған ғажайып үй бой көтерді. Көп қабатты тұрғын үйдің ерекшелігі сонда өзін өзі энергиямен қамтамасыз ететінді екен. Лос-Анджелестегі ғимарат қажетті энергияны өзі өндіреді.Бұл туралы «Сегодня. Ua» хабарлайды. Кейде бұл үй өндіретін энергия белгіленген мөлшерден асып кететін кезі де болады екен. Hanover Olympic деп аталатын тұрғын үйдің төбесінде 215 күн батареясы орнатылған. Соның арақасында әр пәтер айына 3 кВт электр қуатын алып, 100 долллар үнемдейді. Сондай-ақ тұрғын үй светодиодты жарықтандырумен, Energy Star деп аталатын энергияны үнемдейтін тұрмыстық құрылғылармен қамтамасыз етілген. Аталмыш үйді жылыту мен желдету жүйесі де басқа ғимраттарға ұқсамайды.
Энергияны барынша үнемдейтін үй Лос-Анджелестің ортасында орналасқан. Бұл ғимараттың ішінде сондай-ақ студия пәтер, бір-екі жатын бөлмелі пәтерлер бар. Қаладағы барлық энергияның 40 пайызын тұрғын үйлер пайдаланатынын еске салсақ, Лос-Анджелестегі жаңа үй энергияны үнемдеуде таптырмас жоба болып отыр.