АҚШ ядролық қаруын Германияға орналастырмақ

/uploads/thumbnail/20170709053250494_small.jpg

2020 жылға қарай американдықтар B61-12 үлгісіндегі атом бомбасын іске асырмақ. Ядролық арсенал  Германияның Бюхель қалашығындағы әскер базаға орналастырылады деп күтілуде. Ол жерде қазірдің өзінде қырғи-қабақ соғыс кезінен қалған 10-20 оқтұмсық бар көрінеді. Төтенше жағдай орын алса бұл әскери қарулар Германияның "Торнадо" ұшағына орнатылады деп жоспарлануда. "Washington Post"-тың жазуынша, Обама президенттік карьерасының соңында АҚШ-тың ядролық қаруландыру саясатына қатысты үлкен өзгерістер жасауға дайындалуда. Бұл туралы ZN.ua. агенттігі хабарлайды.

Биыл Барак Обама ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің ашылуына қатысты. Екі мерзім президент тағында отырған ол барлық мемлекеттер ядролық қарудан бас тартатындай бейбітшілік орната алмады. Халықаралық ядролық энергетика жөніндегі агенттіктің басшысы Юкиа Амано ядролық  материалдардың террористер қолына өтіп өтіп кету қаупі бар екенін ескертті. Соңғы екі он жылдықта байытылған уранның 2,7 мың жоғалып кету жағдайы  тіркелген. 

Связанные Статьи