Ғ.Мүсірепов атындағы театр - Талдықорғанда

/uploads/thumbnail/20170708151951938_small.jpg

    Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры гастрольдік сапармен Жер жәннаты Жетісу Талдықорған қаласына барады

2014 жылдың 21-24 сәуір аралығында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының ұжымы гастрольдік сапарын Талдықорған қаласына жоспарлап отыр.

Гастроль барысында өнер ұжымы  5 бірдей  қойылымды қала тұрғындары мен қонақтарына тарту етпек.

Жер жәннаты – Жетісу өңіріне Республикамызға танымал, белді, талантты артистеріміздің ойындарын тамашалайсыздар олар:

ҚР еңбек сіңірген артисі «Тамашаның» тарланы Кәдірбек Демесін,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Гүлжамал Қазақбаева,

ҚР Мәдениет қайраткері Жақсыбек Құрманбеков,

ҚР Мәдениет қайраткері Еркін Әбдірешов,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Райхан Қалиолдина,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Күлжәмила Белжанова,

«Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Мұхитдин Шынтаев,

«Жастар Одағы сыйлығының» лауреаты Әсет Иманғалиев,

«Жастар Одағы сыйлығының лауреаты» Аида Жантілеуова және театрымыздың жас буын артистерінің тамашалауындағы  өнерлерін көре аласыздар.

Қойылымдар І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтеді.

Связанные Статьи